Агенттік мәліметіне сәйкес, ескертуге Алматы халықаралық әуежайының 2025 жылы 1 қаңтардан бастап автотұрақ қызметіне бағаның өсетінін хабарлауы себеп болған.
— Монополияға қарсы органның уақтылы іс-қимылының арқасында Алматы халықаралық әуежайы тұрақ бағасын көтеру жоспарынан бас тартты. Бұл жолаушылардың қаржылық жүктемесін жеңілдетеді, — деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.
Еске салайық, былтыр 12 желтоқсан күні Алматы халықаралық әуежайы автотұрақ тарифін көтеретінін хабарлаған болатын.