Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АЛМАТЫ.  KAZINFORM – 11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады. 

Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.