Алматы әуежайындағы жолдардың бірі уақытша жабылады

Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Ақсұңқар» қонақ үйінің жанындағы пандусқа кіру жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. 

Алматы әуежайының мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында гидрооқшаулауды жақсарту, жылыту жүйесін жаңғырту және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

— Жөндеу кезеңінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады. Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — деп хабарлады әуе айлағы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайын басқарушы TAV Airports компаниясы әуе айлағын 2050 жылға дейін дамытудың бас жоспарын таныстырды.

Фото: Алматы әуежайы

Ол бойынша 2025-2028 жылдар аралығында әуежай инфрақұрылымына 362 млн АҚШ доллары жұмсалмақ. Барлығы 130 жоба іске асырылады.