Алматы әуежайының автотұрағы кеңейтіледі
12:00, 17 Маусым 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM -Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.
«Жолаушыларға оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жұмыстар 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады», - деп хабарлады әужайдан.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылған болатын.
Сондай-ақ биыл 1-ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағының тарифі өзгерді.