АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой 40 мың доллар жалақы алатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Өкінішке қарай, мен жалақым туралы ашық айта алмаймын. Менің жалақым сіздер айтып отырған санан әлдеқайда аз. Бұл құпия ақпарат, өйткені біз жеке компаниямыз. Ол туралы айта алмаймыз, бірақ айына 40 мың доллар жалақы алатыным туралы ақпарат мені таңғалдырды», - деді Альп Эр Тунга Ерсой.
Еске салайық, 2020 жылы түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.