«Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Эрсой Алматы халықаралық әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң қызметінен кетті. Ол саладағы мансабын жаңа қызметте жалғастырады», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Басшылықтың ауысуы туралы ресми мәлімдеме 5 маусымда жарияланады.
Айта кетейк, бірінші маусым күні Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдаған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары барысында қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрген еді.
Ғимараттың жалпы ауданы — 53,5 мың шаршы метр, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.
Еске салайық, 2020 жылы Алматы әуежайы түрік компаниясын 415 миллион долларға сатылған еді.