Алматы әуежайының бірнеше кіреберісі уақытша жабылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайына апаратын Б.Майлин көшесіндегі екі кіреберіс жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Алматы әуежайы

- 2024 жылдың 2 тамызынан бастап әуежайдың Б.Майлин көшесінен шығатын негізгі кіреберісіндегі тұрақ жабдықтарын ауыстыру жұмыстары басталды. №1 және №2 көлік кіреберістері (шлагбаумдар), сондай-ақ №10 және №11 шығу жолдары уақытша жабылады. Жұмысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Осыған байланысты жолаушыларды әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп хабарлайды Алматы әуежайынан.

Еске салайық, бүгін елге оралған Олимпиада чемпиондарын алматылықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының қазіргі келбеті қандай екенін жазғанбыз.