Алматы әуежайының кей кіру-шығу жолдары 7 күнге жабылады

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады.

Әуе айлағының мәліметінше, 2025 жылдың 4–11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Фото: Алматы халықаралық әуежайы

Осыған байланысты уақытша № 1 кіру және № 2 шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді.

— Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, — деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, Алматы әуежайының аумағынан 1 желтоқсаннан бастап екі автобус бағыты жүре бастады.