Алматы әуежайының маңында бір көше уақытша жабылады

Фото: Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы әуежайының мәліметінше, 20 мамыр сағат 22:00–ден бастап 21 мамыр сағат 06:00–ге дейін Ахметов көшесінде (№ 1А ғимаратынан Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде) жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады.

— Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жолаушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әуежайдан.

Бұл уақытта әуе айлағына Бұқтарма көшесі арқылы немесе Майлин көшесі арқылы кіруге болады.

Еске салайық, 1 маусымда Алматыда жол жөндеу жұмысы басталады