Бақ мамандарының айтуынша, бұл өсімдік Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрология зертханасыда кішкентай тұқымнан өсірілген. Енді ол ботаникалық бақтың ашық топырағында әрі қарай өсетін болады.
— Қазақстанда алтай сібіриясының табиғи таралу аймағы негізінен Алтай өңірімен байланысты. Елімізден тыс жерлерде ол Алтай аймағының іргелес аумақтарында кездеседі. Бұл — табиғи өсу орталарындағы саны азайып бара жатқан сирек түр, — деп түсіндірді ботаникалық бақтан.
Сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді тұқымнан өсіру — дендрология зертханасы жұмысының маңызды бағыттарының бірі екені атап өтілді. Бұл жұмыс отырғызылатын өсімдіктерді алуға, ғылыми коллекцияларды толықтыруға, сондай-ақ сирек түрлердің мәдени ортадағы өсу және бейімделу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ерекше алқызыл ағаш тұрғындар қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ 15 қазаннан бастап Алматының Бас ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысты.