Алматы балабақшасындағы оқиға: балалардың ата-анасы жазаға тартылуы мүмкін
14:28, 23 Ақпан 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті.
«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарағаны туралы жазған болатынбыз.