Алматы – Байсерке – Ақсай жолы жүк көліктері үшін 30 қыркүйекке дейін жабылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Фото: Көлік министрлігі

ҚазАвтоЖол мәліметінше, Алматы облысындағы "Алматы – Байсерке – Ақсай" автомобиль жолының 20–51 шақырым аралығында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ауыр көлік тізгіндеген жүргізушілер аталған жолды қолдана алмайды.

- Бұл шара жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілді. Жүк көлігі жүргізушілерінен жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама қозғалыс бағыттарын пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, Үлкен Алматы айналма жолында төлем жасау тәртібі өзгерді.