Алматы ботаникалық бағының жұмысы жазғы кестеге ауысады

Фото: Алексей Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы ботаникалық бағының жұмысы 2 сәуірден бастап жазғы кестеге ауысады.

«2 сәуірден бастап Ботаникалық бақ жазғы кестеге көшетінін қуана хабарлаймыз. Енді біз күн сайын 09:00–ден бастап 21:00–ге дейін ашық боламыз (касса және кіру 20:00–ге дейін). Сағат 15:00–15:30 арасында касса жұмысында техникалық үзіліс болады», — делінеді хабарламада.

Айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге шегерілуі мүмкін.