АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы ботаникалық бағының жұмысы 2 сәуірден бастап жазғы кестеге ауысады.
«2 сәуірден бастап Ботаникалық бақ жазғы кестеге көшетінін қуана хабарлаймыз. Енді біз күн сайын 09:00–ден бастап 21:00–ге дейін ашық боламыз (касса және кіру 20:00–ге дейін). Сағат 15:00–15:30 арасында касса жұмысында техникалық үзіліс болады», — делінеді хабарламада.
Айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге шегерілуі мүмкін.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.