Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 қазан күні болған
«Қарасай аудандық полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабар түсті. Тексеру кезінде әлдебір әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды», - деп хабарлады полициядан.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті департаменттен.