Алматы дәрігерлері науқасқа ота жасап, инфарктың алдын алды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде түскен науқасқа тез арада ота жасалып, оның өмірін сақтап қалды.
Науқас ауруханаға келгенде электрокардиограммада айқын жүрек ауруы және жүрек қағысындағы бұзылыстарды анықтаған. Науқастың жағдайы жедел араласуды қажет етті. Бірақ ол процедурадан қорқып, ол коронарографиядан бірнеше рет бас тартқан. Кардиология бөлімінің меңгерушісі Айна Ибрагимова жағдайды түсіндіргеннен кейін, науқас процедураның қажеттілігін түсініп, рұқсатын берді.
«Жүргізілген коронарография барысында тромб тіркелді. Тромб үлкен коронарлық артерияның саңылауын толығымен жауып, науқастың өміріне қауіп төндірді. Қан ағынын бөгейтін тромб инфарктқа әкелуі мүмкін. Дәрігерлер зардап шеккен артериядағы қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін тромбты аспирациялау және АҚАТ баллонды ангиопластикасын жүргізу туралы шешім қабылдады. Отаны интервенциялық хирург Марат Стамбеков жүргізді. Процедура сәтті өтті және науқастың жағдайы тұрақталды», - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қазіргі уақытта науқас оңалтудан өтіп, ОҚКА кардиология бөлімінде емдеуді жалғастырып жатыр.
Еске салайық, Алматы әкімі алдағы 3 жылда спорт мектептері жаңартылатынын айтты.