Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қарсы алды. Жаңа жүк бағытының ашылуына орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, әуе кемесі авиациядағы дәстүрлі су аркасымен қарсы алынды.
Аталған бағыт бойынша жүк рейстері Boeing737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады.
Жаңа бағыт Орталық Азия мен Таяу Шығыстың маңызды көлік-логистикалық орталықтары саналатын Алматы мен Дубай арасында тікелей жүк әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы тұрақты рейстер экспорттық-импорттық тасымалдарды дамытуға, логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Алматы халықаралық әуежайы әлемнің негізгі логистикалық орталықтарымен жүк әуе қатынасын дамытуды жалғастырып, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге және Алматының Орталық Азиядағы авиациялық-логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.