Алматы екі автобус соқтығысып қалды: зардап шеккендер бар

Фото: t.me/almatytoday

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Медеу ауданында қоғамдық көліктер жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

- Жол апаты салдарынан №69 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, – деп хабарлады полиция департаментінен.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ жол апатына жиі әкелетін жайттарды атады. Олар: жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығып кету, мас күйінде көлік жүргізу және жаяу жүргіншілердің жолды төтесінен кесіп өтуі. Биыл тек жылдамдық режимін бұзу салдарынан 406 адам, қарсы жолаққа шығу себебінен 400 адам, ал жолды рұқсат етілмеген жерден өткен 67 адам қаза тапқан.