Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, әлем кубогы кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді.
Дүбірлі дода 2025 жылы 21-23 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Олимпиадалық маусым биылғы 29 қарашада басталады. Алғашқы әлем кубогы кезеңін Финляндияның Рука қаласы қабылдайды. Ал, әлем чемпионаты 2025 жылдың 17-30 наурызында өтеді.