Алматы халықаралық әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау аясында Алматы қаласы туризм басқармасы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы қаласы шекаралық бақылау басқармасымен және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, «Қонақтарға кәдесый» дайындады.

Фото: Алматы әкімдігі

Халықаралық терминалға келген әрбір жолаушыға қаланың ұлттық ою-өрнектері мен мәдени көрікті жерлері бейнеленген стикерлер түріндегі символдық сыйлық ұсынылды. Шара 6 мыңнан астам жолаушы тасымалдайтын 30-ға жуық халықаралық рейстерді қамтыды.

Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық туризм басқармасы атап өткендей, Алматы әртүрлі және көп мәдениетті атмосферасының арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін тартымды қала.

Акция туристерді тартуға және елдегі алғашқы жағымды әсерді («travel experience») қалыптастыруға, халықаралық қонақтардың қала тарихы мен мәдениетін құрметтеуіне және терең түсінуіне бағытталған.

Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы қаласының этникалық құрамының алуан түрлілігін ескере отырып, қазақтар (62,4%), орыстар (20,5%), ұйғырлар (5,4%), корейлер (1,8%), татарлар (1,5%), украиндар (1%), әзірбайжандар (0,9%) және тағы басқа ұлттар үшін бұл іс-шараны өткізу мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді»,- деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Фото: Алматы әкімдігі