АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанға тас лақтырған. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға кезінде келуші жануардың назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған.
Оқиғадан кейін хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жинап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.
Зообақ өкілдері келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген тәртіп ережелерін сақтауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы зообағында бірнеше нысан жанып кеткенін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.