Алматы қалалық ТЖД басшысы қызметінен кетті

Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Нұрлан Атығаев Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен босатылды. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствода оның жұмыстан кетуі Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістерге байланысты деп түсіндірді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі кадрлық өзгерістердің мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жақында Назарбаев даңғылында автокөліктің өртенуіне қатысты жағдайға еш қатысы жоқ екенін бөлек атап өтті.

Нұрлан Атығаев Алматы Төтенше жағдайлар департаментін 2023 жылдың қазан айынан бастап басқарды

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды.