Алматы қаласы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА.KAZINFORM - ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 2 наурызынан бастап Ернар Ақселеуұлы Сейдімбек Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Ернар Сейдімбек Абай облысы Әділет департаменті басшысы қызметін атқарған.
1970 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қаз МНУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Алматы қаласы Совет ауданы Прокуратурасының прокурорының көмекшісі-стажер (05.07.1995 – 25.07.1996);
- Алматы қаласы Алмалы ауданы Прокуратурасы прокурорының көмекшісі (25.07.1996 – 17.09.1996);
- Алматы қаласы прокуратурасының Тергеу басқармасы тергеу және анықтауды бақылау бөлімінің прокуроры (17.09.1996 – 15.08.1997);
- ҚР Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет басқармасының Киров сот учаскесі Октябрьск сотының консультанты (09.09.1997 – 10.03.1999);
- Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы (10.03.1999 – 30.06.1999);
- Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бас маманы (30.06.1999 – 07.12.1999);
- Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығының міндетін атқарушы (07.12.1999 – 01.02.2000);
- Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары (01.02.2000 – 26.07.2000);
- Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары (26.07.2000 – 17.04.2002);
- Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы (17.04.2002 - 10.01.2004);
- Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (10.01.2004 – 31.05.2010);
- Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (31.05.2010 - 24.09.2011);
- Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы (24.09.2011- 30.09.2011);
- Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (30.09.2011- 04.02.2016);
- Әділет министрлігі Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы (04.02.2016 - 03.11.2016);
- Әділет министрлігі Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы (04.11.2016 - 18.11.2019);
- Әділет министрлігі Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы (19.11.2019 - 30.09.2020);
- Әділет министрлігі Абай облысы Әділет департаментінің басшысы (02.11.2022 – осы уақытқа дейін).
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары:
- «ҚР Конституциясының 10- жылдығына орай», «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл», «Астана қаласының 10- жылдығына орай» медальдар;
- ҚР Әділет Министірінің алғыс хаты,
- ҚР Әділет Министірінің грамотасы, «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ерен Еңбегі үшін».