8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazinform .
«Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды», — делінген Антикордың ақпаратында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.