Алматы қаласының мәслихатына жаңа депутат сайланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан халық партиясының тізімі бойынша депутаттық мандат Ғазиз Жәнібек Ғазизұлына берілді.
Қалалық мәслихат мәліметінше, ол еңбек жолын 2019 жылы халықаралық компанияда коммерциялық директордың ассистенті болып бастап, кейін жаппай сату бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған. 2022 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін ҚХП Алматы қалалық филиалы аппаратына жетекшілік етті.
Ал 2024 жылдың сәуірінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі уақытта «Omir Group LTD» компаниясының бас директоры әрі Қазақстан альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
Еске салайық, өткен мәслихат сессиясында Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.