Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
— Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, Көкшетауда адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты үкім шықты.