- IVECO автокөлігі мен жүк пойызы Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылындағы теміржол өткелінде соқтығысты. Автокөлікке механикалық зақым келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол ережесін бұзғаны үшін Iveco жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында кондуктор жүріп бара жатқан автобустан құлап, мерт болғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ өткен аптада Алматы маңында автобус көпірден көліктің үстіне құлаған болатын.