Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылының өндірістік аумағынан шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қойманы қызыл жалын шарпыған.
— Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жоғары деңгейде шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнына жедел қызметі жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен өрт аумағы туралы ақпарат анықтыланып жатыр.
Осыған дейін Алматы облысының қоқыс полигоны өртенген болатын.
Зардап шеккендер жоқ.