Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенді

Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің аумағында орналасқан бау-бақша шаруашылығындағы таулы аумақта құрғақ шөп өртенді. 

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар шамамен 7–8 гектар таулы жерде құрғақ шөп өртеніп жатқанын анықтаған.

— От жанған аумаққа тікелей жететін жолдардың болмауы және күрделі жер бедері өрт сөндіру жұмысын айтарлықтай қиындатады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметінің 120 қызметкері мен 25 техникасы жұмылдырылды. Жағдай бақылауда, — деп хабарлады ТЖД.

Сағат 20:30–да өрт оқшауланды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ірі қойма өртенгенін жазғанбыз.