Кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Amanat партиясынан сайланған депутат Игорь Проценконың өкілеттігі жеке өтінішіне бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Бүгін оның орнына қазақстандық кәсіпкер және қоғам белсендісі Досбол Жылқыбаев сайланды. Ол 1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» және «кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. Бұған дейін VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған.
Еске салайық, кеше мәслихат сессиясы барысында Алматыда төленетін кей әлеуметтік төлем түрлері алынып тасталды.