Онда білім сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті сақтау және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесін қаралды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, мегаполисте 360 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 357 мыңнан астам оқушы білім алады. Білім беру үдерісін шамамен 30 мың педагог қамтамасыз етеді. 2026 жылы білім саласын дамытуға 434 млрд теңге бөлінген, бұл қала бюджетінің 15,4%-ы.
- Қазіргі уақытта қалада шамамен 30 мың оқушы орны жетіспейді. Қажеттілік картасы аясында 2030 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 105 мыңнан астам орын болатын 69 мектеп салу жоспарланған. 2025 жылы 40 мың орындық 37 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектептер бар, - деп хабарлады әкімдіктен.
Сондай-ақ қаладағы 159 мемлекеттік мектепте жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Еске салайық, «Келешек мектептері» жазғы лагерьлерінде балалар дрон басқару мен IT негіздерін меңгеріп жатыр.