Педагогтар саммитінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы барлық мектеп оқушылары қосылған TopIQ.kz платформасы арқылы «Жеңіл портфель» жобасы сәтті жүзеге асқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, цифрлық оқулықтарды енгізу жаңарған ақпаратқа жылдам қолжеткізуге және оқу материалдарын түсінуді жақсартатын интерактивті элементтерді қамтуға мүмкіндік берді.
– Оқушылардың дамуына көмектесу үшін жаңа оқу жылында жасанды интеллект негізінде «виртуалды репетитор» енгізу жоспарланып отыр. Пилоттық жоба сәтті болса, жаппай қолданысқа енгізілуі мүмкін, - деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, Алматы облысында жаңа оқу жылында 350 мыңнан астам бала білім алады.