Алматы полициясының мәліметінше, қала аудандарының бірінде ер адамды тінту кезінде одан мефедрон есірткісі табылған. Кейін онымен сыбайлас екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақтың қолдауымен Алматы облысында ұсталды.
– Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Арбатында масаң күйде жасөспірімдер жатқанын жазғанбыз.