«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, 2026 жылдың 14 тамызында сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 и Л-5320 әуе электр желілеріндегі апатқа байланысты жарықты сөнуіне байланысты “АЖК” желілерінде апатқа қарсы қарсы автоматты жүйе іске қосылған. Нәтижесінде Алматы қаласы мен облыстың тұтынушыларына электр энергиясын беру тоқтатылды.
Алматы қаласының 4 ауданында жарық өшті:
* Бостандық ауданы;
* Наурызбай ауданы;
* Әуезов ауданы;
* Алатау ауданы.
Сондай-ақ Алматы облысының келесі аудандарында электр энергиясы жоқ:
* Жамбыл ауданы;
* Қарасай ауданы;
* Еңбекшіқазақ ауданы;
* Райымбек ауданы;
* Ұйғыр ауданы;
* Іле ауданы;
* Кеген ауданы;
* Талғар ауданы;
* Балқаш;
* Есік;
Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, өткен айда Алматыда аптап ыстықтан электр энергиясы жаппай өшкен болатын.