Алматы мен Атырауда ауа ластанады

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2025 жылғы 12 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі,- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Өскеменде АЭС мамандарын даярлайтын жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылатыны туралы жаздық.