Алматы мен Атырауда ауа ластанады

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2025 жылғы 05 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін аптап ыстықта басқа күн өтуден қалай сақтану керектігі туралы жаздық.