Алматы мен Жезқазғанда ауа ластанады
05:25, 19 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің екі қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.
- 2025 жылғы 19 наурызда Жезқазған, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Өскеменде ауа сапасын бақылайтын 25 бекет орнатылатынын жазғанбыз.