Алматы метросында биыл жолаушылардан 30 пышақ табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросында жыл басынан бері 300-ден астам тыйым салынған зат тәркіленді.

Фото: Жамбыл облысы ПД

Қалалық полиция департаменті метроны күн сайын 110 мыңнан 130 мыңға дейін жолаушы пайдаланатындықтан, оның аумағында қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде метрополитен аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 310 азамат анықталған. Заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат және төрт оқ-дәрі тәркіленді.

— Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метро станцияларында заманауи бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта нысандарда 604 бейнекамера орнатылған. Олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде адамды тану функциясымен жабдықталған, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында бірқатар затты алып кіруге тыйым салынды.