Полицияның хабарлауынша, «Райымбек батыр» метро станциясында Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері тексеру барысында қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстады.
Жеке тінту кезінде оның жанынан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылған.
— Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу келді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды, — делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан шыққанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда дрифт жасаған кезекті жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылғанын хабарлағанбыз.