Алматы метросында төлемнің барлық түрі қолжетімді болады
13:37, 16 Мамыр 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метрополитенінде турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың күзіне қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте — Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар смартфонды немесе банк картасын құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.
Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.
— Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы, — деп хабарлады қала әкімдігінен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында жолаушылар жолақыны QR арқылы төлей алатынын жазғанбыз.