Алматы метросында Жаңа жыл атмосферасын сезінуге болады

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жаңа жыл қарсаңында метро бекеттері мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді.

Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.

Фото: Алматы әкімдігі

«Біз метродағы әрбір жолаушы мерекені сезінсе екен дейміз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған, – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін Алматыда қоғамдық көліктер мерекеге сай безендірілгені туралы жазған едік

Еске салайық, Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі