Алматы мейрамханаларының бірінде атыс болды
10:09, 19 Мамыр 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қару қолданған ер адамды тәртіп сақшылары ұстады.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қала мейрамханаларының бірінде өзара таныс ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан.
- Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында атыс болғанын жазғанбыз.