Алматы облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жанболат Самашев Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы атанды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Әділет министрлігі

— ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап Жанболат Қайроллаұлы Самашев Алматы облысы Әділет департаменті басшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Жанболат Самашев 1979 жылдың 22 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Никитенка ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Әділет жоғары құқық мектебін бітірді. Білімі жоғары.

Мансап

25.02.03.10.2003.2005 жж. — Өскемен қаласы «Восток право» ЖШС-нің күзет инспекторы;

04.04.03.01.2005.2006 жж. — ҚР ӘМ ТҚК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК маманы;

01.03.07.13.2006.2006 жж. — ҚР ӘМ ТҚК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК жетекші маманы;

13.07.03.02.2006.2007 жж. — ҚР ӘМ ТҚК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК заң бөлімінің заңгері;

05.03.04.13.2007.2009 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңгер-кеңесшісі;

14.04.11.10.2009.2009 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманының м. а.;

10.11.01.11.2009.2012 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы;

12.01.2012- 28.02.2012 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы;

28.02.12.18.2012.2013 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Петропавл қаласының әділет басқармасының бастығы;

19.12.09.10.2013.2015 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының әділет басқармасы басшысының орынбасары;

10.09.01.31.2015.2020 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының әділет басқармасының басшысы.

31.01.07.01.2020.2022 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы.

01.07.08.12.2022.2022 жж. — Абай облысының Әділет департаментінің Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасының басшысы.

12.08.11.11.2022.2022-Абай облысы Әділет департаментінің халыққа құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

11.11.05.30.2022.2025 — Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары

02.06.2025 — 19.01.2026 — Семей қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы.

Бұған дейін Жанболат Қайроллаұлы Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Осыдан бұрын Абай облысында жаңадан құрылған екі басқарма басшысы тағайындалғанын жаздық.