Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы әкімінің өкімімен Бақытнұр Бақытұлы 2025 жылғы 24 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бақытнұр Бақытұлы — 1986 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары:

2008 ж. — Нархоз университеті, «қаржы»;
2009 ж. — American Graduate School of Business (Швейцария), «іскерлік әкімшілендіру»;
2011 ж. — Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, «құқықтану»;
2020 ж. — Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».

Еңбек жолын 2006 жылы «АТФ Банк» АҚ-да бастаған. Әр жылдары мемлекеттік және банк саласында, партиялық оқыту мен халықаралық жобаларда, агросектор мен өңірлік даму бағыттарында, бірқатар жауапты қызметтерді атқарған.

Соңғы жылдары Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысы әкімінің аппаратында және басқармаларында жетекші лауазымдарда еңбек етті.

2024 жылдан бері Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғанын хабарладық.