АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысының 9 ауданы мен 1 қаласындағы «Күшіміз бірлікте» волонтерлік фронт-офистері, сондай-ақ, «Amanat» партиясы, Қоғамдық келісім және даму орталығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Жастар рухы», облыстың белсенді азаматтары, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктер 230 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Атырау облысына 230 тонна жеткізді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы волонтерлер фронт-офисінің басшысы Мақсат Кенешов баянадады.
Белгілі болғандай, Алматы облысы атынан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына 15 волонтер көмекке барған. Жалпы 9 аудан, 1 қала бойынша 3 апта көлемінде 500 волонтер жұмыс атқарған.
«ҚТЖ арқылы 130 тонна жөнелтілсе, жүк көліктері арқылы 100 тонна жеткізілді. Сондай-ақ зардап шеккен аймақтарға құтқару жұмыстарына арналған 171 техника жіберіліп, «Қазақстан халқына» және «Демеу Қазақстан» қорларына 48 млн теңге қаржылық көмек аударылды», – деді М. Кенешов.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.