Алматы облысы Қаскелең қаласындағы базардан өрт шықты
17:10, 14 Қаңтар 2025
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласының базарындағы өрттің бейнежазбалары тарады.
Қазіргі уақытта Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Қаскелең қаласындағы құрылыс дүкенінің қоймасындағы тілсіз жаудың таралуын тоқтату бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда орналасқан Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шыққанын жазғанбыз.
120 шаршы метр алаңды шарпыған ҚБТУ-дағы өрт құтқарушылардың көмегімен сөндірілді.
Одан кейін Алматыдағы жоғары оқу орны төтенше жағдайдан кейін қалай жұмыс істеп жатқанын жазған едік.