Алматы облысы: Көкпек пен Кеген ауылының аралығындағы жол жабылды

Фото: Pexels

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бүгін табиғаттың тосын мінезі салдарынан республиканың бірнеше аумағындағы жолдар жабылып жатыр.

Алматы облысына қарасты Кеген ауылына апарар күре жолға да көліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» өкілдері таратқан мәліметке сүйенсек 15 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 23:30–да ауа-райының бұзылуына байланысты
«Көкпек — Кеген — Түп» автожолының 0-72 шақырым аралығы (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін) жабылды.

Жолға жауаптылар қолайсыз ауа-райында жолаушыларға сапарға шықпауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Еске салайық осыған дейін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 1 500-ден астам көліктің жолда қалғанын жазғанбыз.