Алматы облысына қарасты Кеген ауылына апарар күре жолға да көліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» өкілдері таратқан мәліметке сүйенсек 15 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 23:30–да ауа-райының бұзылуына байланысты
«Көкпек — Кеген — Түп» автожолының 0-72 шақырым аралығы (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін) жабылды.
Жолға жауаптылар қолайсыз ауа-райында жолаушыларға сапарға шықпауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Еске салайық осыған дейін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 1 500-ден астам көліктің жолда қалғанын жазғанбыз.