Алдағы уақытта 177,6 мың гектарға ылғал жабу, күздік дақылдар егілетін 33,8 мың гектар жерді тырмалау, 162,5 мың гектар алқапта көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жалпы көлемі 1517 тонна дизель отынына 148 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің өтінімі мақұлданды.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 94% құрайды.
Облыста барлығы 13,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 7,9 мың данасының тозығы жеткен.
Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту мақсатында, 2023 жылы 47,7 млрд теңгеге 444 бірлік техника, биылғы жылы 340 млн теңгеге 35 дана жаңа техника сатып алынды.
Көктемгі дала жұмыстарын, қаржылай қолдау мақсатында дала жұмыстарына арналған «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Кеңдала» бағдарламасына 865,2 млн теңгеге 42 өтінім түсті, қазіргі уақытта жалпы сомасы 399,7 млн теңгеге 25 тауар өндірушіге несие берілді.