«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әрекеті әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Айта кетсек, Антикор өкілі агенттік тілшісіне Іле ауданының әкімі екенін растады.
Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат таратуға жатпайтындығы айтылды.
Осыған дейін соңғы 3,5 жылда жол жөндеу саласында 65 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталғаны туралы жаздық.